Kazakh (CIS)Русский (Russian Federation)

Департамент по контролю в сфере образования Западно – Казахстанской области

Байланыстар 

Орал қаласы, 090000
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 215 Б, каб. 302
Телефон: 8(7112) 51-05-28, 50-44-05
Факс: 51-05-28
http://zkocontrol.kz/

Facebook: БҚО Білім Департаменті

парақша: БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

жалпыға қолжетімді топ: Департамент по контролю в сфере образования

Западно-Казахстанской области

Instagram: departament_zko

Telegram: t.me/doksozko

Сенім телефоны 

Батыс-Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексі нормаларын сақтамау мәселелері бойынша сенім телефоны

87112-50-44-05, 87774688537

Күнтізбе 

2019 жылы Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментіне келіп түскен жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қорытындылары бойынша талдау

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысының білім  саласындағы бақылау департаментіне 2019 жылы 30 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 22 өтініш, заңды тұлғалардан 8 өтініш келіп түсті. 2019 жылдың 31 желтоқсанына 30 өтініштен 29 өтініші қаралды, 1 өтініш қаралу үстінде.

 

Департаментке түскен 29 өтініштердің 12-сы (41%) бойынша заңнамаға сәйкес түсінік  берілді, кәмелетке толмаған білім алушылардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту туралы 6 (21%) арыз бойынша 5 ата-ана жауапкершілікке тартылып (ҚР ӘҚБК 409 бабы 2 тармағы), бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынды.

Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттарын орындалмауы туралы түскен 4 (14%) өтініштің, 3-нде көрсетілген факт рассталмады, 1 өтініш бойынша білім алушының құқығы қорғалып, 2 оқытушыға ҚР ӘҚБК 409-бабы 1-тармағы бойынша ескерту берілді. Орал қаласы прокуратурасы ұсынған материалдар бойынша тәрбие беру процесі кезінде тәрбиеленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіру жөніндегі 1 өтініштің нәтижесінде тәрбиеленушінің құқығы қорғалып, балабақша басшысына  елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды (ҚР ӘҚБК 409-бабы 3-тармағы). Қосымша білім беру ұйымына қатысты өтініші бойынша жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары тиісті деңгейде орындалмаған үшін мекеме басшысына он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды (ҚР ӘҚБК 409-бабы 4-тармағы, 1-тармақшасы).

Сабақ беретін пәнінің бейініне сәйкес келмеуі бойынша өтініштегі факт расталып, білім беру басшысына он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынды (ҚР ӘҚБК 409-бабы 6-тармағы). Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау жөніндегі 1 арыз бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

Pvlhost.kz