Kazakh (CIS)Русский (Russian Federation)

Департамент по контролю в сфере образования Западно – Казахстанской области

Медиа-жоспарға сәйкес ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және мектептердің қызметіне мониторинг жүргізу мақсатында Қаратөбе ауданында болып қайтты

 

Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері, Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының заңгері Г.Курмангазиева 2020 жылдың 01 қазан күні Медиа-жоспарға сәйкес ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және мектептердің қызметіне мониторинг жүргізу мақсатында Қаратөбе ауданында болып қайтты.

️Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша және білім беру саласында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру мақсатында аудан мектептерінің басшыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында жаңадан қабылданған, өзгерістер енгізілген білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстырылып, түсіндірмелер, сұрақтарға жауаптар берілді.

️Кездесу соңында Департамент басшысы Г.Сарсенгалиева келе жатырған Ұстаздар мерекесімен құттықтап, Департаментпен бірге белсенді қызмет атқарған педагогтарды Алғыс хаттармен марапаттады.

 


 

 

 

 

 

 

Pvlhost.kz