Kazakh (CIS)Русский (Russian Federation)

Департамент по контролю в сфере образования Западно – Казахстанской области

Байланыстар 

Орал қаласы, 090000
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 215 Б, каб. 302
Телефон: 8(7112) 51-05-28, 50-44-05
Факс: 51-05-28
http://zkocontrol.kz/

Facebook: БҚО Білім Департаменті

парақша: БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

жалпыға қолжетімді топ: Департамент по контролю в сфере образования

Западно-Казахстанской области

Instagram: departament_zko

Telegram: t.me/doksozko

Сенім телефоны 

Батыс-Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексі нормаларын сақтамау мәселелері бойынша сенім телефоны

87112-50-44-05, 87774688537

Күнтізбе 

Опрос 

Удовлетворены ли вы качеством предоставляемых образовательных услуг в школах?




 

Педагогикалық әдеп пен педагогтардың құқығын қорғау бойынша Орал қаласы мектеп педагогтарының арасында өткізілген жасырын сауалнаманың қорытындысы

There are no translations available.

Педагогикалық әдеп пен педагогтардың құқығын қорғау бойынша Орал қаласы мектеп педагогтарының арасында өткізілген жасырын сауалнаманың қорытындысы

 

Педагогикалық әдеп пен педагогтардың құқығын қорғау бойынша Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен қала мектептің педагогтары арасында өткізілген жасырын сауалнаманың қорытындысын назарыңызға ұсынады.

  • Сауалнамаға қатысқан педагогтардың 49,8% білім беру жүйесінде 15 және одан жоғары жыл жұмыс жасағандар. Жас педагогтардың үлесі 21,3% құрады. Қалған 29% қатысқан педагогтардың еңбек өтілі 6 жылдан 15 жылға дейін.
  • Педагогтардың негізгі бөлігі 94,5% «Педагог мәртебесі туралы» Заңымен таныс.
  • Педагогтардың 89,5 % мектепте олардың құқықтары бұзылмайтындығы, 83,4% білім беру ұйымдары басшыларының тараптарынан құқықтары бұзылмайтындығы туралы көрсетті.
  • Педагогтардың құқығы бұзылылатындығын белгіледі:
  • 4,5% респондент кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартылады;
  • 5% педагогтен заңмен көзделмеген есептілік не ақпарат талап етіледі;
  • 3,5% педагог баспа басылымдарды, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндеттері жүктеледі, жөндеу жұмыстарына қатысады,
  • 7,2% педагогке мектеп әкімшілігі тарапынан педагогтерге қысымшылық көрсетіледі.
  • Басшылық пен педагогтердің тарапынан педагогикалық әдептің бұзылмайтындығы туралы респонденттердің сәйкесінше 83,4% и 84,3% белгіледі.

Кәсіптік міндеттерін орындау барысында орын алатын бұзушылықтар:

  • қызметтік міндеттерін орындау барысында басшылық тарапынан 13,4%, педагогтер тарапынан 8,9%;
  • өз қызметінде академиялық адалдық принциптерін мүлтіксіз сақтауда басшылық - 3,4%, педагогтер -2,4%;
  • әлеуметтік желілерде тексерілмеген және (немесе) дәйексіз және (немесе) әдепсіз ақпаратты таратпауда басшылық - 3,7%, педагогтер - 1,9%;
  • адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуде басшылық - 7%, педагогтер - 1,9%;
  • оқу тәрбие үрдісінде басшылық -3,9%, педагогтер -2,5%;
  • жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауда басшылық - 6,7%, педагогтер - 5,9%.
  • 25,7% респондент мектепте әдеп жөніндегі кеңес жұмыс жасамайтындығын көрсетті;
  • 35% педагог оқу жүктемесі педагогикалық кеңесте талқыланбайтынын және 13,1% оқу жүктемесін әділ бөлінбейтінін атады;
  • 12,5% педагог баға көтеру фактілері орын алатындығын белгіледі.
  • 11,3% педагог еңбек ақысы туралы есеп қағаздарын алмайды,
  • Еңбек ақысын уақытымен алмайды 12,4% педагог,
  • Еңбек демалысы алдында айналма парағын толтырады - 54,9 %.

Орал қаласы педагогтерін анонимдік сауалнамаға қатысқанына ризашылығымызды білдіреміз.

ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңының және Педагогикалық әдеп қағидаларының орындалуы қажеттігі туралы білім мекемелері басшыларының және педагогтердің назарына саламыз.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы туралы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне жолығуға болатындығын назарларыңызға саламыз.

 


Pvlhost.kz