Kazakh (CIS)Русский (Russian Federation)

Департамент по контролю в сфере образования Западно – Казахстанской области

Байланыстар 

Орал қаласы, 090000
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 215 Б, каб. 302
Телефон: 8(7112) 51-05-28, 50-44-05
Факс: 51-05-28
http://zkocontrol.kz/

Facebook: БҚО Білім Департаменті

парақша: БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

жалпыға қолжетімді топ: Департамент по контролю в сфере образования

Западно-Казахстанской области

Instagram: departament_zko

Telegram: t.me/doksozko

Сенім телефоны 

Батыс-Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексі нормаларын сақтамау мәселелері бойынша сенім телефоны

87112-50-44-05, 87774688537

Күнтізбе 

Опрос 

Удовлетворены ли вы качеством предоставляемых образовательных услуг в школах?




 

2021 жылдың 9 маусым күні өткен облыстың қоғамдық кеңесінің отырысында Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.А.Сарсенгалиева облыстық техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарыны

There are no translations available.

2021 жылдың 9 маусым күні өткен облыстың қоғамдық кеңесінің отырысында Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.А.Сарсенгалиева облыстық техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының проблемалық мәселелері туралы баяндама жасады.

Баяндамада білікті кадрларды даярлау тиімділігі мәселелерін шешу, оқыту сапасын арттыру ТжКБ ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуына байланысты екенін жеткізе отырып, қоғамдық кеңес мүшелеріне облыстағы колледждердің материалдық-техникалық базасы, оның ішінде оқу ғимараттарының жағдайы, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталуы, педагогикалық құрамының болуы, бейнебақылау, санитарлық-гигиеналық құралдар, интернет жылдамдығы, студенттер орындарының тапшылық мен артықшылығы жөнінде ақпарат берді.

Сонымен қатар, ТжКБ ұйымдарының жұмысының тиімділігін бағалауда шешуші рөл түлектердің сұранысы мен жұмыспен қамтылуына берілетіндігін айтып, түлектердің жұмысқа орналасу төмен деңгейдегі колледждерді атап өтті.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің болашағы мен проблемалық мәселелері үлкен қызығушылық пен қызу пікірталас туғызды.

Қоғамдық кеңес мүшелері еңбек нарығында білікті жұмысшылардың жетіспеушілігі аймақтың дамуына үлкен кедергі болып отырғанын атап өтіп, кәсіптік білім берудегі бұл проблемалық мәселелері мемлекеттік деңгейде дәйекті және дұрыс шешім қабылдаған жағдайда ғана шешілетіндігін айтты.

Отырыс барысында қалалық білім беру мекемелеріндегі орындардың жетіспеушілігі, ауылдық колледждердегі студенттердің саны, оқу мерзімі, оқу бағдарламалары, лицензиялау шарттары және басқалары туралы сұрақтар қойылды. Департамент басшысы сұрақтарға жауап бере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңалықтарымен таныстырды.

Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының басшысы А.А.Мыңбаева ТжКБ ұйымдарында жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат ұсынды.

Департамент басшысы қоғамдық кеңес мүшелеріне облыстың кәсіптік білім беру мекемелеріндегі менеджмент мәселелеріне үлкен назар аудару керектігін, мемлекеттік тапсырыс беру кезінде, колледж жүктемесі мен бейініне назар аудару керектігін айтып, бұл мәселені мәслихат сессиясы мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының Индустриалдық кеңесінде қарау туралы ұсыныстар берді.

 

Pvlhost.kz