Facebook: БҚО Білім Департаменті
парақша: БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
жалпыға қолжетімді топ: Департамент по контролю в сфере образования
Западно-Казахстанской области
Instagram: departament_zko
Telegram: t.me/doksozko
Батыс-Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексі нормаларын сақтамау мәселелері бойынша сенім телефоны
87112-50-44-05, 87774688537
ҰБТ ЖАҢА ФОРМАТЫ
ҰБТ-ның жаңа форматының басты ерекшелігі – екіге бөлінуінде: Қорытынды аттестация және ҰБТ. Қорытынды аттестация мектеп түлектеріне, ал ҰБТ жоғары оқу орнына түсушілерге арналған.
Қорытынды аттестаттауды мектеп түлектерінің барлығы тапсырады. Ол 5 пәннен тұрады. 4-еуі міндетті, 1-еуі таңдау пәні.
1) ана тілі және әдебиет – эссе (жазбаша) берілетін уақыт – 3 сағат;
2) алгебра және анализ бастамалары – жазбаша, берілетін уақыт – 5 сағат;
3) Қазақстан тарихы – ауызша, билеттерге жауап беру арқылы;
4) Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік мектептерінде – Қазақ тілінен, қазақ мектептерінде – орыс тілінен тестілеу түрінде;
5) Таңдау пәндеріне: физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі (ағылшын, француз, неміс) – тестілеу (оқу бейініне байланысты: қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық)
Анықтама:
Екінші тілді меңгеру деңгейі тестілеу арқылы мынадай блоктарға бөлінеді: 1-блок: Тыңдалым – тест тапсырушыларға екі мәтін беріледі, әр мәтінге қатысты сұрақтар қойылады. Екі мәтінге 10 сұрақ беріледі. 2-блок: Оқылым – тест тапсырушыларға 2 мәтін ұсынылады. Әр мәтінге қатысты сұрақтар беріледі, барлығы 10 сұрақ. 3-ші: лексикалық-грамматикалық блок – тест тапсырушыға 20 тапсырма беріледі.
Мектеп бітіру емтихандарының бәрі түлектердің өз мектептерінде өтеді. Қорытынды аттестаттаудың материалдарын ҚР Білім және ғылым министрлігі жасап, оны Ұлттық тестілеу орталығы облыстық білім басқармаларына жеткізеді.
Ауызша, жазбаша емтихандарды мектептердегі емтихан комиссиялары бағалайды. Тестілеудің жауап парақшасындағы дұрыс жауаптар кодын да аталған комиссия тексереді.
Қорытынды аттестаттаудың мерзімін ҚР Білім және ғылы министрлігі бекітеді. Шамамен 29 мамыр мен 9 маусымы деп жоспарланып отыр.
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)
ҰБТ-ның жаңа форматы 5 пәннен тұрады (3 міндетті пән және таңдаған мамндыққа байланысты 2 бейіндік пән):
Оқу сауаттылығы мәтіндермен жұмыс жасай білу қабілеттерін тексереді. Яғни, мәтінді оқып қана қоймай, оның мазмұнын ұғыну, мәтіннен ақпаратты таба білу, мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап таба білу дағдыларына негізделеді. Себебі, жоғары оқу орнында талапкер түрлі деректермен жұмыс істеп, оны сараптама жасап, шешім қабылдайды. Яғни, бұл дағдылар университетке түскенде түлекке керек болады.
Математикалық сауаттылық оқушылардың игерген білімдерін өмірлік жағдайларда қолдана білу деңгейін, объектілер мен құбылыстарды салыстыру, жіктеу, талдай білу қабілеттерін анықтайды.
Бейіндік пәндер бойынша тест тапсырмалары талапкерлердің таңдаған пәндерін қаншалықты жақсы білетінін және төмендегі басқа да қасиеттерін анықтауға арналған:
«Алтын белгі» иелері, ғылыми жобалардың, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҰБТ жалпыға ортақ тәртіпте тапсырады. Олардың бұл артықшылықтары тек қатардағы талапкермен баллдары бірдей болғанда ғана ескеріледі.
Жалпы 120 тапсырма бар. Бірақ, максималды балл 140. Шекті деңгей – 50 балл. Тестілеу уақыты 3 сағат 50 минут (үш жарым сағат).
Тестілеу өткізілетін уақыты ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйырығы арқылы бекітіледі. Шамамен, мерзімдері төмендегідей:
1) Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 наурыздан 10 мамырға дейін (ТКТ 1 маусымға дейін);
2) Тестілеуді өткізу: ҰБТ – 20 маусым мен 1 шілде аралығында, ТКТ шілденің 17 мен 23 аралығында;
3) Шығармашылық емтихандар: шілденің 8 мен 13 аралығында;
4) Арнайы емтихандар 20 маусым мен 18 тамыз аралығында өткізіледі (педагогикалық қызметке бейімділігін анықтау үшін педагогикалық мамандықтарға тапсырушылар);
5) Қайта тапсыру 19-24 тамыз аралығында (ҰБТ-да шекті балл жинай алмағандар) және 20-24 қаңтар аралығында (ҚР жоғары оқу орнына шартты түрде қабылданғандар және шетелдік оқу орнынан ауысып келушілер).
Анықтама:
2017 жылғы түлектер саны: 130 293 (болжам бойынша). Тестілеуге болжам бойынша 151 206 талапкер қатысады, оның 91 206-сы (70%) мектеп түлектері, 60 000-ы колледж түлектері
ЖОО-на түсуге ниетті
Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері түлектеріне арналған Талапкерлерді кешенді тестілеу (ТКТ)
Жоғары оқу орнына түскісі келетін ТКББМ түлектеріне арналған кешенді тестілеуге де өзгерістер енгізілді. Егер колледж түлегі ЖОО-на қысқартылған оқу формасы түссе, яғни 2(3) курсқа, онда туысқан 2 пәннен ғана тапсырады. 2 пәнде 60 тапсырма бар.
Анықтама:
Жалпыбейіндік пән – мамандықтар тобына арналған. Мысалы, барлық педагогикалық мамандықтар бойынша, жалпыбейіндік пән «Педагогика және психология», заң саласы бойынша «Мемлекет және құқық негіздері», ветеренария саласы бойынша «Биология» болып саналады, солай жалғасып кете береді.
Анықтама:
Бейіндік пән – таңдаған мамандыққа тән пән. Мысалы, болашақ математика мұғалімдерінің бейіндік пәні – Математика, құқық қорғау органдары қызметкерлерінікі – «Қылмыстық құқық», ал ветеринарларда – «Жануарлар анатомиясы мен физиологиясы».
Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар аталған пәндер бойынша алған білімнің деңгейін толық анықтауға мүмкіндік береді.
Түлектер алған білімдерін өмірде қолданып, талдай білетіндіктерін, топтап, сұрыптап, оны түсіндіре алатынын көрсетулері керек.
«Туысқан» мамандықтар Жоғары және жоғарыдан кейінгі білім берудің және техникалық-кәсіптік және орта білімнен кейін білім берудің сәйкестік таблицасы топтамасында көрсетілген. Аталған құжат ҚР БҒМ 2010 жылдың 21 маусымында шыққан №316 бұйрығымен бекітіліп, оған №489 бұйрық бойынша 2016 жылдың 4 тамызында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Барлығы 60 тапсырма. Тестілеу уақыты 1 сағат 40 минут. Ең жоғары балл 70, шекті деңгей 35 балл. Әр пәннен кем дегенде 50%, яғни жалпыбейіндік пәннен кем дегенде 10 балл, ал бейіндік пәннен кем дегенде 25 балл жинау керек.
Ал колледжде оқыған мамандықтары мен ЖОО-на түсу үшін таңдаған мамандықтары сәйкес келмеген жағдайда талапкерді тестілеу технологиясы ҰБТ-мен бірдей өткізіледі.
Тестілеу түрлерін (ҰБТ, ТКТ) бағалау жүйесі
Бес жауап нұсқасында 1 дұрыс жауабы бар тапсырмаларға 1 балл, дұрыс белгілемесе 0 балл беріледі.
Бірнеше жауап нұсқасында 1 немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмаларға (8 жауап нұсқасында 1,2 немесе 3 дұрыс жауап болса):
Бейінді пәндер комбинациясы | |||
№ | 1 бейінді пән | 2 бейінді пән | мамандықтар саны |
1 | математика | физика | 52 |
2 | математика | география | 18 |
3 | биология | химия | 22 |
4 | биология | география | 12 |
5 | шет тілі | тарих | 10 |
6 | география | шет тілі | 4 |
7 | тарих | Адам. Қоғам. Құқық | 5 |
8 | тарих | география | 7 |
9 | химия | физика | 5 |
10 | оқыту тілі және әдебиеті | тарих | 7 |
11 | шығармашылық емтихан | шығармашылық емтихан | 33 |
| БАРЛЫҒЫ | 175 |