Kazakh (CIS)Русский (Russian Federation)

Департамент по контролю в сфере образования Западно – Казахстанской области

Байланыстар 

Орал қаласы, 090000
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 215 Б, каб. 302
Телефон: 8(7112) 51-05-28, 50-44-05
Факс: 51-05-28
http://zkocontrol.kz/

Facebook: БҚО Білім Департаменті

парақша: БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

жалпыға қолжетімді топ: Департамент по контролю в сфере образования

Западно-Казахстанской области

Instagram: departament_zko

Telegram: t.me/doksozko

Сенім телефоны 

Батыс-Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексі нормаларын сақтамау мәселелері бойынша сенім телефоны

87112-50-44-05, 87774688537

Күнтізбе 

Опрос 

Удовлетворены ли вы качеством предоставляемых образовательных услуг в школах?




 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру материалына сілтеме» 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жұмысы

PDFБасып шығаруE-mail

 

«БҚО-дағы сыбайлас жемқорлық деңгейі» тақырыбында онлайн сауалнама

https://docs.google.com/forms/d/1bq65qlCByGH7vnr1gZ24F4Q8Jw6

_vNOaWLnAskihzFw/edit


 

2021 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша «БҚО-дағы сыбайлас жемқорлық деңгейі» тақырыбында онлайн сауалнама.

Қосымша:

 

 


 

«Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр»

https://youtu.be/haghXaHx3oc



БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің

 

2020 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы қадағаланды.

Жыл бойы жоспарына сәйкес Департамент қызметкерлермен 11 құқықтық жаппай оқытулар өткізілді, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған бейне-дәрістер көрсетілді, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен жолданған сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған сауалнама сұрақтарына жауап берілді.

Сонымен қатар, жоспарға сәйкес Департамент басшысы Г.А.Сарсенгалиева Facebook әлеуметтік желісінде " Адалдық Алаңы - Ақжайық ", "Адал көмек", «ANTIKOR live» жобалары аясында 4 рет азаматтарды онлайн – қабылдауын және он-лайн режимде тікелей эфир өткізіп, пандемия кезінде қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастыру бойынша қабылданған шаралармен, ҰБТ және бітіру кештерін өткізу ерекшеліктерімен, білім беру мекемелерін бейнебақылау камераларымен жарақтандыру, педагогтердің ұлттық біліктілік тестілеуіне қатысты мәселелерімен, департамент жұмысының 2020 жылғы қорытындысымен таныстырды, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жыл бойы білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында департамент басшысылығы БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған 5 брифингке қатысып, Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру талаптары, педагогтердің жұмыс барысында толтыратын құжаттар тізімі, жалақының төленуі, тәлімгерлікті тағайындау, педагогтердің аттестациядан өтуі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бірнеше маңызды нормативтік актілеріне тоқталды.

Департамент қызметкері "Адалдық алаңы" телебағдарламасының тікелей эфирінде мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен қашықтықтан оқыту кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелері талқылауға қатысты.

Жергілікті және республикалық БАҚ беттеріне нормативтік актілерге қатысты 32 мақала жарияланды. Департамент басшысылығы «Ақжайық», «Талап» радиоарналарындағы, «Ақжайық», «ТДК-42» телеарналарындағы 8 бағдарламаларға қатысты.

2020 жылғы қарашада Департаментте жұмыс тобы құрылып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы аналитикалық есептер мен анықтама дайындалып, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне жолданды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жылдық мониторинг жасалып, олардың тиімділігіне бағалау жүргізілді.

 

 


 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар туралы

 

«Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»



Жемқорлыққа қарсы іс-шара жоспары


Приложение 1 Анализ коррупционных рисков

Приложение 2 Анализ коррупционных рисков при проведении конкурсных процедур

Приложение 3 Анализ коррупционных рисков в системе государственного контроля в сфере образования

 


Pvlhost.kz