Facebook: БҚО Білім Департаменті
страница: БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
общедоступная группа: Департамент по контролю в сфере образования
Западно-Казахстанской области
Instagram: departament_zko
Telegram: t.me/doksozko
Телефон доверия по вопросам неправомерных действий, фактам коррупционных правонарушений и несоблюдения норм Этического кодекса сотрудниками Департамента по обеспечению качества в сфере образования Западно-Казахстанской области
87112-50-44-05, 87774688537
Астанада ТМД елдері мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің VII съезі өтуде. Съезге Беларусь, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан және Армения елдерінің білім саласының өкілдері және еліміздің әр өңірінен білім басқармалары, әдіскерлері, педагогтері қатынасуда.
Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Күзембаева съезге қатысуда.
Маңызды шара барысында үздік ұстаздар «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен мараратталды.
ТМД елдері мұғалімдерінің съезі аясында ІІ Педагогикалық шеберлік фестивалінің қорытынды кезеңі өтіп жатыр және байқаудың финалистері, яғни ТМД елдерінің мұғалімдері елімізге келді. Олар жарыс сабақтарын көрсетеді. Мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары үш санат бойынша өткізіледі: мұғалім, тәрбиеші және психолог/әлеуметтік педагог.
Сонымен қатар съезд барысында мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы цифрлық және баспа өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстандық кәсіпкерлер, стартаптар оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға бағытталған IT-жобаларын көрсетіп жатыр.