Kazakh (CIS)Русский (Russian Federation)

Департамент по контролю в сфере образования Западно – Казахстанской области

Контакты  

г.Уральск, 090000
проспект Нурсултан Назарбаев 215 Б, каб. 302
Телефон: 8(7112) 51-05-28, 50-44-05, 
Факс: 51-05-28
http://zkocontrol.kz/

Facebook: БҚО Білім Департаменті

страница: БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

общедоступная группа: Департамент по контролю в сфере образования

Западно-Казахстанской области

Instagram: departament_zko

Telegram: t.me/doksozko

Телефон доверия 

Телефон доверия по вопросам неправомерных действий,  фактам коррупционных правонарушений и несоблюдения норм Этического кодекса  сотрудниками Департамента по обеспечению качества в сфере образования Западно-Казахстанской области

87112-50-44-05, 87774688537

 

 

Календарь 

Опрос 

Удовлетворены ли вы качеством предоставляемых образовательных услуг в школах?




 

Жоғары оқу орындарына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу жалғасуда.

 

Жоғары оқу орындарына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу жалғасуда. Біздің облыста биылғы ҰБТ 25 қаңтарда басталып, 22 ақпанға дейін жалғасады. Айта кету керек, тестілеудің барлық күндері бірде-бір ереже бұзушылық болмады, бірде-бір тестілеуден шығарылған, тыйым салынған заттарды пайдалану фактілері болған жоқ.

Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Сарсенгалиева байқаушы ретінде тестілеуге қатысты. Мәлімделген 58 қатысушының 57-сі қатысты. Тестілеу басталар алдында ҰТО БҚО бойынша филиалының басшысы А.С.Есімов тест тапсыру процедурасының барлық ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Тестіленушілердің барлық гаджеттері олар үшін арнайы қарастырылған шкафтарға қойылды. Әр талапкерге ҰТО мөрі бар А4 форматындағы таза қағаздар берілді. Медициналық маскалар қарастырылған.

Жоғары оқу орындарына түсуге үміткерлердің назарына: 2022 жылғы ақпанда Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Мысалы, қағаз және (немесе) электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) мемлекеттік комиссия төрағасының атына тестілеу тапсыру кезінде қосымша уақыт бөлудің қажеттілігі туралы еркін нысандағы қосымша өтініш бере алады.

SAT балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) SAT reasoning (ризонинг) және SAT subject (сабджект) сертификатары болған жағдайда. Бұл ретте түсуші Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырады және SAT subject балдары бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда ғана ҰБТ балдарына ауыстырылады;

2) SAT reasoning сертификаттары болған жағдайда. Бұл ретте түсуші Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндер бойынша ҰБТ тапсырады.

ACT балдары Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады.

IB балдары Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы пәндері бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады.

ҰБТ ұзақтығы - 240 минут (4 сағат).

Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін жаттығуларға арналған 2 минут көлемінде үзіліс жүзеге асырылады.

120 минут тестілеу аяқталғаннан кейін жаттығуларға арналған 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.

 

Pvlhost.kz